ПЕТРОПАВЛ. 23 маусым. Еліміздің 14 облысы мен екі қаласынан Қызылжар өңірінен келген 200 жасөспірім балуан грек-рим күресінен белдесіп, әлем чемпионатының жолдамаларын сарапқа салды. Бұл туралы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының мамандары хабарлады.
Қазақстан чемпионатында 20 жасқа дейінгі балуандар 8 салмақ дәрежесі бойынша күресті.
Жарыс шымылдығын бірінші болып петропавлдық студент Аманбол Бекболатов ашты. Ол төрт қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, финалда ақтөбелік Мейрамбек Надырбаевпен кездесті. Оны 45 секундта 8:0 есебімен ұтып, 50 кило салмақта жеңістің ең биік тұғырына көтерілді.
Қалған салмақтар бойынша Ернар Фейдахметов (55 кг.., ШҚО), Айдос Сұлтанғалиев (60кг., Қызылорда), Самат Әлжапаров (66 кг.,Алматы облысы), Жасұлан Маратов (74 кг.,Ақтөбе), Агит Сүлейменов (84 кг., ОҚО),.Әнуар Ниязов (96 кг., Алматы облысы), Данияр Марвен (120 кг., Алматы қаласы).
Өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз атанған балуандар тамыз айында Бразилияда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы.
Сурет: egemen.kz
• 23 Маусым, 2015
Солтүстік Қазақстанда грек-рим күресінен ел чемпионаты өтті

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше