Қоғам • Кеше

Елімізде 5,9 млн тонна астық жиналды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда дәнді дақылдардың 4,2 млн гектары жиналып, бұл жалпы егіс алқабының 26 пайызын құрайды. Жалпы 5,9 млн тонна астық бастырылды, деп жазады Egemen.kz

Елімізде 5,9 млн тонна астық жиналды

Дәнді дақылдардан бөлек, еліміздегі ауыл шаруашылығы өндірушілері 112,8 мың тонна майлы дақыл, 684,2 мың тонна картоп (гектарына 241,5 центнер), 1,9 миллион тонна көкөніс (286,8 ц/га) және 2 миллион тоннадан астам бақша өнімін (272,6 ц/га) жинады.

Көкөніс түрлерінің ішінде 340,4 мың тонна қырыққабат (374,8 ц/га), 326,9 мың тонна пияз (394,2 ц/га) және 115,7 мың тонна сәбіз (302,9 ц/га) қамбаға құйылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, егін жинау науқаны белгіленген мерзімде, агротехникалық талаптарға сай ұйымдастырылып жатыр.