Шахмат • Бүгін, 18:07

Жас шахматшылар халықаралық турнирде топ жарды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 жастағы Әлімжан Жауынбай БАӘ қаласы Эль-Фуджейрада өткен халықаралық шахмат фестивалінде чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жас  шахматшылар халықаралық турнирде топ жарды

фото: спорт комитеті

Youth-Open турнирінде ол 9 мүмкін ұпайдың 8-ін жинап, 250 қатысушының арасынан үздік шықты.

Ал оның ағасы, 13 жастағы Алдияр Жауынбай, Masters турнирінде тамаша нәтиже көрсетті: 6 ұпай, +72,4 рейтингке қосымша және халықаралық шебер (IM) нормасын орындады!

Бұл жетістіктер – Қазақстанда жаңа буын мықты шахматшылар өсіп келе жатқанының дәлелі. Алда – әлем және Азия чемпионаттары, біздің жас дарындар биік белестерді бағындыруға дайын.