
Сол себепті де Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасы несие беру талаптарын күшейту үшін жаңа ережелер қабылданғанын айтты:
«Біз неге жаңа ережелерді енгіздік? Себебі қарызын қайтара алмай жүрген азаматтар көп. Кейбір қаржы ұйымдары оларды тарту үшін қарыз көлемін аздап төмендетеді немесе пайыздық мөлшерлемені сәл төмен қояды», деді агенттік басшысы.
Қызығы, қазірдің өзінде банктер мен микрокредиттік ұйымдар несие беруді тоқтатқан жоқ. Кейде тіпті нашар кредиттік тарихы бар адамдарға да жеңілдік жасап, қарыз беріп отыр.
Бұл жағдай Ұлттық банктің де назарында. Бұған дейін төраға Тимур Сүлейменов несие нарығы «қызып кетпеуі» үшін жаңа талаптар енгізілетінін айтқан еді:
«Қарыз алушыларды бағалау тәртібі өзгереді. Азаматтардың төлем қабілеттілігі мұқият тексеріледі, ал бұрын кешіктірген төлемдері жаңа несие алу кезінде үлкен рөл ойнайды. Сондай-ақ, қарыз жүктемесінің коэффициенті және қарыздың табысқа қатынасы сияқты жаңа тәсілдер қолданылады. Бұл қадамдар тұтынушылық несие нарығындағы шамадан тыс белсенділікті бәсеңдетеді», деді Сүлейменов.