Білім • 02 Қыркүйек, 2025

Депутат Қазақстан мектептерінде күтпеген тексерістер болатынын айтты

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мектептерінде санитарлық нормалардың сақталуын тексеру енді алдын ала ескертусіз жүргізілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Депутат Қазақстан мектептерінде күтпеген тексерістер болатынын айтты

Депутат мектептер мен балабақшаларда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері тексеріспен келген кездегі жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, соңғы жылдары шынайы бақылаудың орнына көбіне формалды ғана тексеретін жүйе қалыптасқан.

Қазір білім беру ұйымдарындағы санитарлық тексерістер алдын ала келісіліп жүргізіледі. Депутаттың сөзінше, кей кездері директорларға тікелей кінәлі болмаса да және жағдайға ықпал ете алмаса да, айыппұл салынған жағдайлар болған. Мысалы, мектеп үш ауысымда оқытуға мәжбүр болса немесе сыныптағы оқушы саны белгіленген нормадан асып кетсе, мектеп басшысының оған ықпал ете алмайтыны белгілі. 

«Балалардың қауіпсіздігі тек ата-аналардың ғана емес, бүкіл қоғамның жауапкершілігі. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жай ғана тексеріс емес. Бұл – елдің болашағын қорғаудың маңызды тетігі», деп жазды Аймағамбетов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысындағы балалардың жаппай улануынан кейін Денсаулық сақтау министрлігі мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыруға мемлекеттік бақылауды күшейту туралы хабарлады.

Депутат айтып отырған жаңа ережелер балалар болатын нысандарға ерекше мәртебе беруге, тексерістер туралы алдын ала хабарлауды алып тастау арқылы объективті баға беруге, сондай-ақ нысандарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру мақсатында мониторингтік сапарларды енгізуге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15

Абат елдің айшықты бедері

Экономика • Бүгін, 09:02

ЮНЕСКО тізіміне енеді

Саясат • Бүгін, 09:02

Азаттықтың арқауы әділет

Тәуелсіздік • Бүгін, 09:00

Тарихи-танымдық байқау

Руханият • Бүгін, 08:50

Үздіктер анықталды

Спорт • Бүгін, 08:45

Шаңғы маусымы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Тылсым түйсік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30