Саясат • 30 Тамыз, 2025

Тоқаев: Қазақ-Қытай қатынастары сенімге негізделген

600 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың China Daily басылымында жарияланған мақаласында қазақ-қытай қатынастарының басты іргетасы – өзара сенім екенін баса айтты, деп жазады Egemen.kz.

Тоқаев: Қазақ-Қытай қатынастары сенімге негізделген

«Қазақ-қытай қатынастары ғасырлардан бері сенімге негізделіп келеді. Бұл – біздің мемлекетаралық байланыстарымыздың мызғымас тұғыры», – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, өзара сенімсіз ешқандай стратегиялық серіктестік ұзаққа бармайды.

Президент екі ел арасындағы тарихи тағдырластық пен мәдени жақындық серіктестікті нығайтып отырғанын атап өтті. «Қазақстан мен Қытай – Ұлы Жібек жолы заманынан тағдырлас елдер. Халықтарымызды ортақ тарих, ортақ дәстүр және өзара құрмет біріктіріп келеді», – деп жазды Тоқаев.

Сондай-ақ ол саяси диалогтың қарқыны серіктестіктің тұрақтылығын қамтамасыз ететінін айтты.

«Жоғары деңгейдегі сапарлар мен белсенді саяси диалог мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік рухын күшейте түседі», – деп мәлімдеді Президент.

Тоқаевтың пікірінше, қазіргі әлемдегі күрделі жағдайда Қазақстан мен Қытайдың өзара ықпалдастығы халықаралық қатынастарда тұрақтылық факторы болып отыр.

«Біздің берік байланыстарымыз жаһандық сын-қатерлер жағдайында да серіктестіктің қаншалықты мықты екенін көрсетіп отыр», – деді ол.

Президент Қазақстан мен Қытайдың жаңа тарихи кезеңнің тоғысында тұрғанын да атап өтті.

«Біз ортақ мақсаттарымызға сүйене отырып, бірге әрекет етеміз. Осы арқылы кез келген заманауи сын-қатерді еңсеріп, өркендеудің жаңа кезеңіне жол аша аламыз», – деп түйіндеді Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37