
Фото: Ақорда
Сенім грамоталарын:
- Украина елшісі Виктор Майко;
- БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Сарангоо Раднаарагчаа;
- Үндістан Республикасының елшісі Я.К. Сайлас Тангал;
- Алжир Халықтық Демократиялық Республикасының елшісі Осман Михаджи;
- Швеция Корольдігінің елшісі Ларс Стефан Эрикссон;
- Бельгия Корольдігінің елшісі Эрик де Майер;
- Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің елшісі Салли Джейн Аксуорси;
- Латвия Республикасының елшісі Даце Рутка;
- Грузия Республикасының елшісі Леван Диасамидзе тапсырды.
Мемлекет басшысы еліміздің конструктивті диалог пен өзара тиімді ынтымақтастыққа ашық екенін айтып, жаңадан тағайындалған елшілер Қазақстанмен серіктестік байланыстарды нығайту мен кеңейту ісіне белсенді түрде үлес қосатынына сенім білдірді.