ЖОЛДАУ • Бүгін, 10:33

Экономиканың өсуі рекордтық көрсеткішке жетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында еліміздің экономикалық даму көрсеткіштері айтарлықтай жақсарған, деп жазады Egemen.kz.

Экономиканың өсуі рекордтық көрсеткішке жетті

Фото: Ашық дереккөз

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Президент тапсырмаларының орындалуы тұрғысында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі соңғы жылдары 6,3%-ды құрап, рекордтық көрсеткішке жеткен.

Нақты сектордағы өсім 8,3%-ды құраса, қызметтер өндірісі 5,2%-ға артқан.

Негізгі драйверлер көрсеткіштері келесідей: көлік +22,5%, құрылыс + 18,5%, сауда +8,6%, тау-кен өнеркәсібі +8,5%, өңдеу секторы +6,1%.