
Ұлттық қордың валюталық активтерін басқарудан түскен кіріс (алдын ала деректер бойынша 58,8 миллиард доллар) 7,6 пайыз кірістілігімен 4,6 миллиард долларды құрады. Инвестициялық кіріс негізінен акциялар портфелінің (+ 19 пайыз) және алтынның (+ 27 пайыз) өсуі есебінен қалыптасты.
Ұлттық қордың TIPS-пен арадағы интегарциясы туралы мәліметтің шет-жағасы ерте көктемде белгілі болған.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова TIPS Қазақстанның Ұлттық қорына енгізілетінін айтқан. Бірақ аталмыш жобаның Ұлттық қорға қаншалықты пайда әкелетінін ҰБ әлі есептеп үлгермеген сияқты. Ал сарапшылар ҰБ үшін Ұлттық қордың инвестициялық кірістілігін сақтап қалу маңызды екенін айтады.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, қаңтар-шілде айларында Ұлттық қорға 1,7 триллион теңге ғана түсті, ал 3,5 триллион теңге тәркіленді. Кірістер өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға қысқарды. Әсіресе мұнай секторынан корпоративтік салықтар (-17,9 пайыз) және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша түсімдер төмендеді.
Жағдайды теріс инвестициялық нәтиже ушықтырды: Қаңтар-шілде айларында минус 584,5 миллиард теңге.
Салыстыру үшін:
- бір жыл бұрын қор 464,4 миллиард теңге пайда көрсетті.
- Кейінірек Ұлттық банк жарты жылдықтың қорытындысы бойынша инвестициялық кіріс 4,7 миллиард АҚШ долларына (7,8 пайыз) көтерілгенін хабарлағанымен, қоғамда алаңдаушылық күшейе түсті.
TIPS - тұтыну бағаларының өсуі кезінде номиналды құны өсетін мемлекеттік облигациялар. Кірістілігі мемлекеттің бақылауында тұратын мемлекеттік бағалы қағаздарға қарағанда, TIPS инфляциядан қорғайтынын мамандардың бәрі айтады. Дефляция кезінде бастапқы инвестициялардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, TIPS номиналды құны белгіленген шектен төмендемейді.
Ұлттық банктің деректері бойынша қазіргі уақытта жинақтау қоржынын нысаналы стратегиялық бөлу мынадай:
- дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының облигациялары (29% және одан жоғары),
- дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларының облигациялары (21% дейін),
- корпоративтік облигациялар (10% дейін), дамыған елдердің компанияларының акциялары (30-35% шегінде),
- баламалы құралдар (0-5%), алтын (5%).
«Ұлттық қордың активтерін TIPS-ке инвестициялау дамыған елдердің МБҚ қоржыны шеңберінде 1 миллиард АҚШ долларына дейінгі деңгейде жоспарланып отыр. Бұл ретте TIPS-тің нақты үлесі, сондай-ақ олардың айналыс мерзімдері бөлігіндегі параметрлері макроконъюнктураның өзгеруіне байланысты айқындалатын болады», деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Яғни, американдық мемлекеттік облигациялар портфелі нарықтық жағдайды, олардың кірістілігі мен айналыс мерзімін ескере отырып қалыптастырылады. Ұлттық банк үлестерін түзетіп және мерзімі әртүрлі бағалы қағаздарға инвестициялай отырып, неғұрлым икемді нұсқаны қолдана алады.
«Мұндай тәсіл кезінде сатып алынған облигациялардың саны ғана емес (әдетте бір қағаздың номиналы 1000 долларға сәйкес келеді), кірістіліктің, өтімділіктің және инфляциядан қорғаудың оңтайлы теңгерімін қамтамасыз ету үшін оларды айналыс мерзімдері (TIPS үш стандартты мерзімге: 5, 10 және 30 жылға шығарылады) және портфельдегі салмақтар бойынша дұрыс бөлу маңызды», дейді мамандар.
Ұлттық банктің мәліметінше, TIPS сатып алуға Ұлттық қордың жинақ қоржынының шамамен 2 пайызы жұмсалады.
«Нәтижесінде дамыған елдердің облигациялар портфелі тіркелген сыйақысы бар облигациялардан және инфляциялық-индекстелген мемлекеттік облигациялардан тұрады. Бұл шара кірістілікті арттыруға және Ұлттық қордың мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынын әртараптандыруды жақсартуға мүмкіндік береді» деп атап өтті Ұлттық банкте.
Ұлттық банктың деректерінде 2023 жылы Ұлттық қорда жинақтау қоржынының активтерін консервативтік бөлуден (80/20) активтерді теңгерімді бөлуге (60/40) көшкенін айтылады.
«Қазіргі уақытта жинақтау қоржынын мақсатты стратегиялық бөлу мынадай: дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары (29 пайыз және одан жоғары), дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары (21 пайызға дейін), корпоративтік облигациялар (10 пайызға дейін), дамыған елдердің компанияларының акциялары (30-35 пайыз шегінде), баламалы құралдар (0-5 пайыз), алтын (5 пайыз)», деп хабарлады Ұлттық банк.
Бұл ретте Ұлттық қордың тұрақтандыру қоржынының активтері негізінен дамыған елдердің ақша нарығының неғұрлым өтімді құралдарына, негізінен АҚШ-тың қазынашылық облигацияларына инвестицияланды.
Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, 2024 жылдың қорытындысы бойынша
Жалпы Ұлттық қордың екі міндеті бар екенін, оның алғашқысы – жинақтауға басымдық беретінін осыған дейін айтқанбыз. Ал екіншісі – тұрақтандыру. Дағдарыс жағдайларында осы тәсіл қолданылады. Бірақ үкіметтің айдың-күннің аманында да осы тәсілді жиі қолданатынын қаржы сегментіндегі жаңалықтардан хабары жоқтар да сезе бастады.
Қазақстанның Ұлттық қоры 2014 жылдан бері жоғары көрсеткіш көрсетпегені белгілі.
2022 жылғы инвестициялық шығын көлемі 2,6 триллион теңгеге жеткен.
Қор құрылғалы бергі кезеңде (2001–2024 жж.) жиынтық инвестициялық кіріс 25,9 млрд долларды, ал орташа жылдық табыстылық 3,55 пайызды құраған.
Экономист-ғалым Илияс Исаев Ұлттық қордың инвестициялық табысының төмендігіне теңгенің құнсыздануы ғана емес, экономикалық ресурстарымыздың әлсіздігі де себеп болғанын айтады. Оның айтуынша, қордың қаражатын құнсызданбайтын бағалы қағаздарға оның инвестциялық кірістілігіне әсер ете алмайды. Бізге бірінші кезекте Ұлттық қордан бөлінген трансферттердің тиімділігін зерттейтін тәуелсіз бақылау жүйесін құрып алу керек.
Мәселен, Ұлттық қорға 2024 жылы 3,8 трлн теңге түскенмен, қордағы қаражат небәрі 3,2 трлн теңгеге артқан. Ал биыл қордан 5,25 трлн теңге алу жоспарланған. Қорға биыл 4,8 трлн теңге түсуі ықтимал екенін осыған дейін жазғанбыз. Сонда қорға түсетін түсімнен алынатын шығын асып кеткенін биыл да сезінетін боламыз.
Ұлттық банкі Ұлттық қордың өткен жылғы қаражатын қалыптастыру және пайдалану туралы есебін осы жылдың шілде айындар жариялады.
Ұлттық банктің есебіне сәйкес, жыл соңында Ұлттық қордың активтері 66,2 млрд долларды құрады.
- Қордың 2024 жылғы инвестициялық кірісі - 4,6 млрд доллар (7,59%). Активтердің кірістілігін арттыру оларды неғұрлым теңгерімді бөлудің арқасында мүмкін болды.
- Оның үстіне алтынға салымдар көбірек әкелді.
Ұлттық қордың активтері өлі жүкке жатпағанына қарамастан, іс жүзінде Қазақстанның стратегиялық қорында ақша азаюда. Республикалық бюджеттегі тесіктер солардың есебінен жабылады. Солардың салдарынан өткен жылы Ұлттық қордан ол жаққа түскеннен шамамен үштен екі бөлігіне көп ақша жұмсалды. «Қордың валюталық активтері көлемінің жалпы динамикасына 2024 жылы 6,3 трлн теңге мөлшеріндегі алымдардың едәуір көлемі әсер етті. Республикалық бюджетке тікелей трансферттер есепті кезеңде 5,6 трлн теңгеге жетті. Қазақстандық эмитенттердің қаржы құралдарын сатып алуға тағы 705 млрд теңге бөлінді: «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын сатып алуға 467 млрд теңге, ұлттық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін «Самұрық-Қазына» облигацияларын сатып алуға 238 млрд теңге. Бұл ретте 2024 жылы қорға мұнай секторынан түсімдер 3,8 трлн теңгені құрады», деп есеп берді Ұлттық банкте.Тәуелсіз қорлардың ашықтығын бағалайтын Linaburg-Maduell индексі және Truman Scoreboard рейтингісінде Қазақстанның Ұлттық қоры ашықтық бойынша 10 балдың 5-ін ғана алған. Ең жоғары 9–10 балл Норвегия, Чили, Аустралия, АҚШ қорларына берілген.