Жәдігер • Бүгін, 08:02

Қалауын сұлтан дулығасы

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлт тарихының бір тармағы – Мысыр және Шам жерінде 132 жыл билік құрған қып­шақ мәмлүктері. Осы­лар­дың бірі – атақты Қалауын сұлтан. Бұл кісі 11 жыл 3 ай тақ иесі атаған. Мар­құмның Құран аяттарымен бе­зен­дірілген дулығасы Бельгияның Өнер және тарих мұражайында сақтаулы тұр.

Қалауын сұлтан дулығасы

Ортағасырлық мұ­сылман-мысыр ­т­а­рихшыларының жаз­басында «Ән-Насыр бин Қалауын» атымен танымал бұл тұлғаның ислам өркениеті үшін сіңірген еңбегі ерен. Шығыстанушы һәм араб­танушы Қайрат Сәки, 2006 жылы жа­­рық көрген «Қыпшақ мәмлүктері» атты кіта­бын­да: «Қалауын сұл­тан 1228–1230 жыл­да­ры дүниеге кел­­ген. Шамамен атақ­ты Бай­барыс сұл­­­тан­нан 5–6 жас кіші» дей отырып, орта­ға­­сырлық тарих­шы әл-Айни­дің (1361–1451) жазба­сын­да айтылған «Қа­лауын сұлтанның ұлты та­за қыпшақ беріш тайпасы­нан» деген деректі алға тартады.

Ол сияқты мәм­­­лүктанушы – ға­­лым сол заман оқы­мыс­тысы Байба­ры­с ад-Дауадар деген ше­жіреші жазып қал­дырған «Зубдату ал-фикра фи тарихи ал-һиджра» («Һиджра тарихы жөніндегі ойдың қаймағы») атты көлемді еңбекте: «Қалауынның тегі таза қыпшақ белгілі беріш ұғлы тайпасынан» дейді.

Қай жағынан алсақ та Қалауын сұлтан Қыпшақ даласының ұланы екені анық. Өйткені атақты тарихшы Ибн Абдузаһирдің жазбасында, Қалауын сұлтанның арабша өте аз біледі, сөйте тұра түркі-қыпшақ тілінде аса шешен сөйлейді деген дерек бар.

Бұл тұлға билік құрған заманда атақты Байбарыс сұлтанның кресшілермен жасас­қан 10 жылдық бейбітшілік бітімі аяқталған­дық­тан, ежелгі жаулық қайтадан өрістейді. Сол себепті, 1281 жылы жорық бастаған Қалауын истиптардың ордені орналасқан Марқаб қаласын басып алады. Осы екпін­мен ілгерілеген мәмлүк әскерлері кресшілердің басты ордалары Латакия және Триполи ша­һарларын бағындырады. Осылай өз иелігін кеңейткен сұлтан ежелгі жұрты Дешті Қыпшақ даласындағы  Алтын Орда ұлысымен байланыс орнатады.