Заң • Бүгін, 20:18

Атырауда жыл басынан бері заңсыз айналымнан 19 779 темекі алынды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері акциздік маркасыз заңсыз айналымға шығарылған 19 779 темекі өнімін тәркіледі, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда жыл басынан бері заңсыз айналымнан 19 779 темекі алынды

Департаменттің басқарма басшысы Бекболат Әнесовтің айтуынша, аталған дерекке қатысты жинақталған іс материалдары сотқа жолданған. Ал дүкен сөрелеріндегі заңсыз темекі өнімі жойылған.

«Акциздік маркасыз өнімдерді өткізуге қатаң тыйым салынған. Ал заңсыз айналымдағы темекі өнімдері салық түсімінің азаюына ықпал етеді. Мұндай өнім халықтың денсаулығына да қауіп төндіреді», дейді Бекболат Әнесов.