Аймақтар • Бүгін, 15:45

Атырауда Конституция күніне орай 27 мың адамға біржолғы төлем беріледі

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында Конституция күніне байланысты 50 мың теңгеден біржолғы көмек беру қолға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда Конституция күніне орай 27 мың адамға біржолғы төлем беріледі

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Жаңылсын Сейдалиеваның айтуынша, әлеуметтік көмек мүгедектік санаты бар адамдарға беріліп жатыр.

«Біздің облыста алты мерекеге орай жекелеген санатқа жататын тұрғындарға түрлі көлемде біржолғы әлеуметтік төлемдер беріліп келеді. Атап айтқанда, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні, 30 тамыз – Конституция күні, 25 қазан – Республика күні және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай әлеуметтік төлемдер жыл сайын беріледі», дейді Жаңылсын Сейдалиева.

Оның дерегіне қарағанда, былтыр біржолғы әлеуметтік төлем 25 мың адамға берілген. Ал биыл Конституция күніне орай 27 мың адамға 50 мың теңгеден беру көзделген.