
Фото: Oqu-agartu ministrligi
Аталған бағдарлама мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартына сәйкес әзірленген.
Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамованың айтуынша жазғы үш ай ішінде бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен 90 мыңға жуық бала қысқа мерзімді дайындықтан өтті. Оның ішінде қалаларда шамамен 60 мың, ауылдық жерлерде 30 мыңнан астам бала қамтылды.
«Оқыту барысында балалардың физикалық, коммуникативтік, интеллектуалдық, шығармашылық және әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын дамытуға, сондай-ақ мектепке оң көзқарасын қалыптастыруға басымдық берілді», дейді М.Адамова.
Айталық бағдарлама 1 айға есептелінген. Білім беру процесін білікті бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық педагогтері жүргізді.