
Іс-шарада БАҚ-тың Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының гуманитарлық күн тәртібін ілгерілетудегі, елдер арасындағы ұзақ мерзімді әріптестік пен өзара түсіністікті нығайтудағы рөлі талқыланды. Жасанды интеллект, үлкен деректер және заманауи коммуникацияларды өзгертетін мультимедиялық форматтарды қоса алғанда, жаңа технологияларға ерекше назар аударылды.
Форумда «Silk Way Star» халықаралық музыкалық шоуының ашылу салтанаты өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұл Қазақстан Президенті ТРК мен Қытай CMG медиа корпорациясының бірлескен жобасы.
Медиа форум жұмысына қатысқан ҚКП ОК насихаттау бөлімінің меңгерушісі Ли Шулей шағын құрамдағы кездесуде «Silk Way Star» жобасының ауқымы Қазақстан мен Қытайдың мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының стратегиялық деңгейін көрсететінін атап өтті. Сондай-ақ жобаға сәттілік тіледі.
– «Silk Way Star» мәдени бірліктің жаңа платформасына айналды. Бұл – таланттарды, елдер мен халықтарды біріктіретін, сенім мен шабыт көпірін құратын жоба, деп атап өтті ҚР Президенті Телерадиокешенінің директоры Раушан Қажыбаева.
CMG басшысы Шэнь Хайсюн Р.Қажыбаевамен кездесуде музыкалық шоудың бірінші маусымы Қытайдың CCTV-3 отбасылық ойын-сауық телеарнасында көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ екінші маусымды Қытайда түсіру ниетін растады.
Медиа форумның қорытындысын талқылай отырып, қатысушылар ШЫҰ Саммиті қарсаңында оның маңызын атап өтіп, ұйымға қатысушы елдердің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын одан әрі кеңейту үшін «Silk Way Star» жобасының рөлін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, «Silk Way Star» жобасына 12 ел – Әзербайжан, Армения, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан Түрікменстан, Өзбекстан және Оңтүстік Корея өкілдері қатысып жатыр.
Музыкалық шоудың түсірілімі 2025 жылдың 26 тамызында басталады. Үлкен финал 22 қарашада «Jibek Joly/ Silk Way» телеарнасының тікелей эфирінде және қатысушы елдердің жетекші телеарналарында өтеді.
«Silk Way Star» – жай ғана музыкалық жоба емес, миллиондаған көрермендерді біріктіретін және өңірдің бірыңғай медиа кеңістігін құратын Еуразияның жаңа мәдени бренді.
Айта кетейік, халықаралық «Silk Way Star» байқауының 12 қатысушысы түгел Астанаға келді.
Еліміздің атынан байқауда әнші Alem өнер көрсететін болды.