Қоғам • Бүгін, 18:53

Ұшақта жанжал шығарған жолаушы рейстен түсірілді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жолаушы мас күйінде әуе компаниясының қызметкерлерін балағаттап, өзін дөрекі ұстаған. Ақтөбе станциясындағы желілік полиция қызметкері әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұшақта жанжал шығарған жолаушы рейстен түсірілді

Оқиға 22 тамыз күні болды. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркістан облысының 48 жастағы тұрғыны мас күйінде жанжал шығарған. Ол әуе компаниясының қызметкерлерін балағаттап, экипаждың талаптарын орындамаған.

- «Ақтөбе-Шымкент» бағытындағы әуе кемесі командирінің актісіне сәйкес полиция қызметкерлері 48 жастағы Түркістан облысының тұрғынын рейстен түсіріп алды. Полиция барған кезде де ол билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбай, қасақана қарсылық танытқан. Құқықбұзушыға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің үш бабы, яғни қоғамдық орындарға алкогольдік масаң күйде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, - деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.