
Фото: Ашық дереккөз
Ел аумағында ауа райын батыстан келген антициклон айқындайды. Соның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық күн райы күтіледі. Қысқа мерзімді жаңбыр найзағаймен тек солтүстік-батыс өңірлерде болжанып отыр: 26-28 тамызда – батыста, 28 тамызда – солтүстікте.
Республика бойынша жел күшейеді. Солтүстік пен солтүстік-батыста түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсуі ықтимал.
- Батыста: +23…+34 °C, кей жерлерде +38 °C дейін ыстық;
- Солтүстік-батыс: +30…+35 °C шамасында ыстық сақталады;
- Солтүстік: +27 °C дейін, кей жерлерде +30…+35 °C дейін көтеріледі;
- Солтүстік Қазақстан облысы: +27…+32 °C-тан +22…+27 °C-қа дейін төмендейді;
- Орталық: қатты ыстық, +30…+35 °C;
- Шығыс: +17…+27 °C-тан +24…+33 °C-қа дейін көтеріледі;
- Оңтүстік: қатты ыстық, +35…+40 °C дейін;
- Оңтүстік-шығыс: +30…+35 °C, таулы аймақтарда +20…+25 °C-тан +32…+37 °C-қа дейін.
Синоптиктердің болжамынша, тамыз айында ауа райы құбылмалы болады. Кейбір өңірлерде жауын-шашынсыз ыстық орнайды, ал басқа аймақтарда жаңбыр мен найзағай күтіледі.