Өнер • Бүгін, 11:20

Қазақстандық әнші «Новая волна-2025» байқауының жеңімпазы атанды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық әнші Alex Lim «Новая волна-2025» жас орындаушылардың халықаралық байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық әнші «Новая волна-2025» байқауының жеңімпазы атанды

Фото: Instagram/lim_0n

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында әділ қазылар алқасының төрағасы Игорь Крутойдың байқау қорытындысын жариялаған сәтінің видеосын жариялады.

«2025 жылғы Қазандағы «Новая волнада» Alex Lim жеңіске жетті», деп хабарлады Крутой. Тағы бір қазақстандық әнші Yernazar 3-орынға ие болды.

Alex Lim Балқаш қаласында дүниеге келген, көптеген вокалдық байқаулар мен жобалардың қатысушысы. Ол Тверь қаласында жоғары білім алғанымен, арнайы музыкалық білімі жоқ. Бұл туралы байқаудың ресми сайтында жазылған.

33 жастағы қазақстандық «Новая волна» тарихында жеңіске жеткен еліміздің алғашқы өкілі атанды.

21 тамызда басталған байқау Қазандағы New Wave Hall концерт залында өтті. Оған Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан және Ресейден келген 13 финалист қатысты.