Заң • Бүгін, 19:47

Заң үстемдігі – кемел қоғамға бастар жол

40 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанада Конституция күніне орай «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды. Жиында «Заң мен тәртіп» қағидасының жүзеге асуы, қоғамның құқықтық сауатын арттыру жолдары, осы саладағы реформалар талқыланды.

Заң үстемдігі – кемел қоғамға бастар жол

 

Іс-шараға мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар мен ҮЕҰ мүшелері қатысты. Отырыстың «Заң мен тәртіп: азаматтық қоғам рөлі» атты алғашқы бөліміне ҚҚДИ Қоғамдық үрдістерді зерттеу орталығының басшысы Риззат Тасым модераторлық етті.

– Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидатына айрықша тоқталса, жыл басында «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында «Заң мен тәртіп» қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі. Сондықтан біздің міндетіміз – бұл қағидатты еліміздің құндылықтар жүйесіне барынша кіріктіріп, халық болмысының, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру» деген болатын. Сондықтан Конституция күні қарсаңындағы «Sarap» жиынын құқық жүйесінің дамуы, әділеттілік пен теңдік қағидаттарының нығаюы, сондай-ақ елімізде кемсітпейтін орта құруға қатысты негізгі мәселелерді кәсіби және ашық форматта талқылауға арнадық, – деді модератор.

Президент Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институты Нормативтік құқықтық актілер мониторингі және халықаралық тәжірибе орталығының басшысы Меруерт Қабылбаева «құқықтық сауаттың негізі – заңнаманы базалық деңгейде түсіну» деп атап өтті.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Құқықтық және ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімінің бас инспекторы Әлия Төлегенқызы конституциялық реформалардың демократиялық қағидаттарды нығайтудағы маңызы туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ медиа-сарапшы, «Құқықтық медиа-орталық» ҚҚ директоры Диана Окремова ҮЕҰ қызметін реттеудегі негізгі проблемалар мен мүмкіндіктерге тоқталса, MNU қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының PhD докторы Муслим Хасенов кемсітушілікке қарсы заңнаманы әзірлеуге арналған ғылыми тәсілдерді ұсынды.

Ал отырыстың «Қазақстанда кемсітпейтін орта құру: әділетті құқықтық жүйе, діни сенім бостандығын қорғау, азаптауға қарсы күрес» атты екінші бөлімінде сарапшылар діни сенім бостандығы, діни қызметті жүйелі түрде реттеу, радикалданудан сақтану және азаматтарды діни сеніміне және басқа да сипатына қарай кемсітуге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Жалпы «Sarap» эксперттік клубының отырысы мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығы және азаматтық сектор өкілдері үшін ашық диалог алаңына айналып келеді. Іс-шара аяғында мұндай жиындар демократия қағидаттары мен құқық реформаларын жетілдіруге арналған практикалық ұсынымдар әзірлеуге және мемлекет пен азаматтық қоғам серіктестігін нығайтуға оң ықпал ететіні айтылды.