
Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»
«Kazinform» агенттігінің 105 жылдығына орай ұйымдастырылрған көрмеде өткен ғасырдың 30-жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі ел өміріндегі маңызды оқиғаларды түсірген агенттік тілшілерінің бірегей мұрағаттық және эксклюзивті фотосуреттері қойылған. Көптеген фотосурет алғаш рет қалың оқырманға ұсынылды.
Көрме материалы алты бөлімнен тұрады: 1928–1959 жылдардағы және Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан; 1960–1985 жылдардағы ірі құрылыс жобалары, қалалар мен аудандардың экономикалық дамуы; Алматы мен Астананың кейінгі 40 жылдағы шежіресі; әлеуметтік-мәдени өзгерістер; сондай-ақ мемлекеттің даумына үлес қосқан көрнекті тұлғалар портреттері.
«Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінің басқарушы директоры Нағашыбек Алдан көрменің басты ерекшелігіне тоқталды. Оның айтуынша, мұнда қатталған суреттердің біразы халық назарына алғаш рет ұсынылып отыр. «Кейінгі екі жылда Ресей мен Қазақстан мұрағаттарында ауқымды ізденіс жұмысы жүргізіліп, он мыңнан астам фото мен құжат жиналды. Бұл – суреттер ғана емес, еліміздің кейінгі жүзжылдық тарихының айнасы. Көрмеде соғыс пен соғыстан кейінгі кезеңдер, индустрияландыру жылдары, тәуелсіздік дәуірі, Алматы мен Астананың құрылыс сәттері, елге еңбегі сіңген адамдардың бұрын-соңды жарияланбаған суреттері бар», деді ол.
