
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Сонымен қатар майлы дақылдарды жинау жалғасып жатыр: 28,0 мың гектардан 20,5 мың тонна өнім алынған.
Сондай-ақ, 18,0 мың гектардан (13,8%) 458,0 мың тонна картоп, 47,8 мың гектардан (37%) 1,4 млн тонна көкөніс, ал 64,2 мың гектардан (68,5%) 1,7 млн тонна бақша дақылдары жиналған.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше еліміздің оңтүстік өңірлерінде егін жинау жұмыстары аяқталуға жақын.
Шымкент қаласында егін жинау толық аяқталды. Түркістан және Жамбыл облыстарында дәнді және бақша дақылдарын жинау жұмыстары аяқталу кезеңінде тұр.
Түркістан облысында 337 мың тонна дәнді дақыл, 791,3 мың тонна көкөніс және 1,1 млн тонна бақша дақылдары жиналса, Жамбыл облысында 463,4 мың тоннадан астам астық, 341,4 мың тонна көкөніс және 336,5 мың тонна бақша дақылдары жиналған.
Егін жинау науқаны қалыпты жағдайда өтіп жатыр.