Банк • Бүгін, 13:00

Банктер жарты жылда 1,6 трлн теңге пайда тапты

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елдегі екінші деңгейлі банктер 2025 жылдың қаңтар-шілде аралығында 1,6 трлн теңге таза пайдаға шықты. Ұлттық банктің мәліметінше, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 18,1%-ға немесе 252,5 млрд теңгеге көп, деп жазады Egemen.kz.

Банктер  жарты жылда 1,6 трлн теңге пайда тапты

Шілде айы банк секторындағы ең табысты ай болды. Бір ғана осы айдың қорытындысы бойынша банктердің таза пайдасы 262 млрд теңгені құрады. Бұл – жыл басынан бергі рекордтық көрсеткіш әрі өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 13%-ға жоғары.

Ай сайынғы табыс динамикасы: • қаңтар – 228,4 млрд тг • ақпан – 220,3 млрд тг • наурыз – 215,1 млрд тг • сәуір – 240,5 млрд тг • мамыр – 238,6 млрд тг • маусым – 235,7 млрд тг.

Маусымда жарияланған жартыжылдық есепке сәйкес, табыс көлемі бойынша көш бастап тұрған банк – Halyk Bank. Оның жартыжылдық таза пайдасы 473,9 млрд теңгеге жеткен. Одан кейінгі орында Kaspi Bank – 265 млрд теңге, үшінші сатыда – Банк ЦентрКредит (137,4 млрд теңге).

Қазір елде 22 банк жұмыс істейді. Жыл ортасында қаржы секторында бірқатар өзгерістер болды: маусым айында бұрынғы микроқаржы ұйымы банк лицензиясын алып, BNK Commercial Bank атауымен жұмысын бастады. Ал тамыздың ортасында тағы бір ірі микроқаржы ұйымы – KMF ресми түрде KMF Банкке айналды.

Сарапшылардың айтуынша, банктердің табысы несие портфелінің өсуімен, сондай-ақ халықтың тұтынушылық несиелерге сұранысының артуымен байланысты. Бұл тренд жыл соңына дейін сақталуы мүмкін.