
Фото: Төтенше жағдай министрлігі баспасөз қызметі
Ресми мәліметке сүйенсек, барлығы 333 адам зардап шеккен. Соның ішінде 205 кәсіпкердің банктер мен шағын несие ұйымдарына қарызы бар екен. Қарыздың жалпы сомасы аз емес, 2,5 млрд теңге. Оның ішінде 2 млрд теңгесі банктерге, ал 480 млн теңгесі шағын несие ұйымдарына тиесілі.
Бұл мәселе қоғам назарын аударғаннан кейін депутаттар Қаржы нарығын реттеу агенттігіне сауал жолдады. Жауап ретінде қаржы ұйымдары жағдайды түсініп, кәсіпкерлерге жеңілдік жасауға келіскен.
Нәтижесінде, 78 кәсіпкердің қарызы бойынша 1,8 млрд теңге алты айға шегерілді. Яғни, олар осы уақыт аралығында несие төлемейді. Бірақ бәрі бірдей бұл көмекке келісе қойған жоқ. 65 кәсіпкер жалпы сомасы 581 млн теңге болатын жеңілдік шарасынан бас тартқан. Қалған кәсіпкерлердің мәселесі жеке-жеке қаралып жатыр.
Еске сала кетейік, «BIG Шанхай» 2014 жылы ашылып, 90-нан аса бутик жұмыс істеп тұрған еді.