
Адвокат 19 тамыз, сейсенбі күні Telegram-арнасында мәлімдеме жасады.
«Бүгін менің қорғауымдағы Жомарт Мурашимов кома жағдайында изолятордан жеткізіліп, көз жұмды», – деді ол.
Қорғаушының айтуынша, бұған дейін адвокаттар соттан Мурашимовқа қатысты бұлтартпау шарасын үй қамаққа немесе кепілге ауыстыруды сұраған. Өйткені оның денсаулығына ауыр дерттен қауіп төнген.
Алайда сот қамауда ұстау туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Себебі СИЗО-ның медициналық бөлімшесі сотқа Мурашимовтың денсаулығы «бақылауда және қадағалауда» екенін мәлімдеген.
Қазақстандық БАҚ-тың хабарлауынша, Шымкенттегі №2 арнайы ХҚКО-ның бұрынғы басшысы жүргізуші куәліктерін теориялық және практикалық емтихансыз беру ісімен айналысқан қылмыстық топты ұйымдастыру ісі бойынша тергеліп жатқан.