Қылмыс • Кеше

БҚО тұрғыны бұрынғы қызын бопсалап, 9 млн теңгесін алған

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында 23 жастағы жергілікті тұрғын бопсалау күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО тұрғыны бұрынғы қызын бопсалап, 9 млн теңгесін алған

БҚО полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы анықтағанындай, күдікті бұрынғы қызының интимдік сипаттағы фотосуреттерін интернетке таратамын деп қорқытып, одан үш жыл бойы ақша талап еткен.

Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, осы уақыт аралығында жәбірленуші 9 млн теңгесін берген. Бопсалау деректері банктік аударымдармен және мессенджердегі хат-хабарлармен дәлелденген.

- Күдікті 150 мың теңге көлеміндегі қаражатты кезекті рет алған сәтінде қылмыс үстінде ұсталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Істің тергелуі департамент басшылығының бақылауында, - деп хабарлады ведомстводан.