Заң • Бүгін, 16:13

Берденов ісін жүргізіп жатқан судьяға қатысты қызметтік тексеріс тағайындалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде Шымкент қалалық сотының судьясы Әбінұр Қарабаевтың сот барысында БАҚ өкіліне аузын қисайтқан өрескел әрекеті түсірілген видео тарады. Қалалық сот судьяның қылығы ар-намысқа дақ түсіретіні расталса, Жоғары сот кеңесі жанындағы сот алқасына жолданатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Берденов ісін жүргізіп жатқан судьяға қатысты қызметтік тексеріс тағайындалды

Фото: Отырар.кз

Ә.Қарабаев Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Р.Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша судья қызметін атқарып жүр. Енді оның сот барысындағы әрекеті заңнама талаптарына сәйкес тексеріледі.

«Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына қастандық жасауға қатысты қылмыстық істі қарау барысында төрағалық етуші судья Әбінұр Қарабаевтың әрекеттері Судьялық әдеп кодексін бұзу-бұзбау тұрғысынан тексеріледі. Оның қорытындысы бойынша материалдар судья әдебі жөніндегі комиссияның қарауына шығарылады. Егер судьяның ар-намысына дақ түсіретін теріс қылық жасағаны расталса, материалдар Жоғары сот кеңесі жанындағы сот алқасына жолданады», делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі қандай жағдайда да судьялар әдеп нормасын қатаң сақтауға міндетті екенін атап өткен.