
Фото: instagram.com/ruslan_berdenov
Бүгін жәбірленушінің өзі онлайн бейнебайланыс арқылы куәлік берді. Руслан Берденов куәлік беру сәтін фото-видеоға түсіруге рұқсат етпеген.
Өз сөзінде Берденов Жиембаймен үш рет қана кездескенін, оның екеуі жұмыс барысында, үшіншісі қастандық жасалған күні екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол екі кездесуде де жанжал болмағанын айтып, оған сол орындардағы техникалық құралдар арқылы көз жеткізуге болатынына назар аударды. Шымкенттік шенеунік полиграф арқылы да жауап беруге әзір екенін жеткізді.
Айыпталушы Ернар Жиембай Руслан Берденовтен кешірім сұрады.
«Дұрыс істедім демеймін. Кешірім сұраймын. Өлтіретін ниетім болған жоқ. Тез сауығып кетуіңе тілектеспін. Алдыңа өзім барып, кешірім сұрай аламын», деді ол.
Айта кетейік, осы жылдың 21 - сәуірінде Шымкент қаласы әкімдігінің алдында шенеунікке оқ атылған еді.