Аймақтар • Бүгін, 10:54

Ұлытауда қой өсіру жобасы қолға алынды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысында «5000 бас қой өсіру» жобасы басталды. Бұл ауыл шаруашылық саласына серпін беретін маңызды бастама, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытауда қой өсіру жобасы қолға алынды

фото: ашық дереккөз

Жоба «Агроөнеркәсіптік кешен» бағдарламасы аясында қолға алынған. Оның сенімді өкілі – «ҰЛЫТАУ» ӘКК» АҚ.

Несие шарттары – барынша қолайлы. Жылдық 2,5% мөлшерлемемен, 10 жылға дейінгі мерзімге, 5 млрд теңгеге дейін беріледі.

Жобаның мақсаты: мал шаруашылығын дамыту, өнімділікті арттыру, ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашу және отандық өндірістің сапалы етімен ішкі нарықты қамтамасыз ету.

Бөлінетін қаржыға 5000 бас қой мен ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынады.

Бұл қадам өңірдің азық-түлікке қол жетімділігін арттырып, ауыл экономикасын өркендетуге үлес қосады.

Ұлытау облысы