
Шолпан Бақытқызының еңбек өтілі 44 жылға айналып қалған. Ол Мамлют ауданындағы Қызыләскер ауылының тумасы. Петропавлдың пединститутын география пәнінің маманы бойынша бітіргенімен ол 2001 жылы Алматының білім жетілдіру институтынан қосымша білім алып «қазақ тілі мен әдебиетінің мұғлімі» мамандығын алған. Содан бері ол қазақ тілін оқытып келеді.
Ол ең жоғары – «педагог-зерттеуші» біліктілік категориясының иесі, пәндік олимпиадаларда оның шәкірттері үнемі алдыңғы орындар алып келеді.
ҚЫЗЫЛЖАР