Аймақтар • 15 Тамыз, 2025

Атырау мұнай өңдеу зауытына 28 млн теңге айыппұл салынды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының экологтері «АМӨЗ» ЖШС тарапынан ластаушы заттардың шығарындыларын нормативтен асырғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау мұнай өңдеу зауытына 28 млн теңге айыппұл салынды

Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, осыған байланысты «АМӨЗ» ЖШС-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған.

Бұл іс Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды. Соттың 29 шілдедегі қаулысымен заңды тұлға кінәлі деп танылып, 28 020 324 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.

«Алайда, «АМӨЗ» ЖШС салынған айыппұлмен келіспей, Атырау облыстық сотына апелляциялық шағыммен жүгінді. Соттың 13 тамыздағы жылғы қаулысымен зауыттың апелляциялық шағымы қанағаттандырудан бас тартылды. Айыппұл өзгеріссіз қалдырылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді. Қазір айыппұл өндірілу сатысында тұр», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар