
Отбасындағы жарасымдылықпен, қарым-қабілеттерімен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсеткен 3 үздік отбасы жүзден жүйрік шықты.
Түркістан қаласында өткен облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жеңімпаздарға құрмет көрсетті. «Мерейлі отбасы» байқауы – тек үздік отбасыларды анықтайтын жарыс қана емес, бұл – отбасы құндылықтарын насихаттап, ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық тәрбиеге үлкен үлес қосып жүрген отбасылардың еңбегін елге танытатын үлкен алаң. Түркістан облысы 500 мыңнан аса отбасы қоныстанған өңір ретінде демографиялық өсімі ең жоғары аймақ болып есептеледі. Осы отбасылардың ұйытқысына айналған 187 мыңнан аса көпбалалы аналарымызды мақтанышпен айта аламыз», деді Ертай Кенжебекұлы.
Байқау қорытындысына сәйкес 1 млн теңге қаржылай жүлдесімен I орын Молдабековтер отбасына (Сауран ауданы) бұйырды. II орынды Ширимбаевтар отбасы (Түлкібас ауданы), III орынды Рысбековтер отбасы (Келес ауданы) иеленді.
Жеңімпаз отбасындағы Нұрмахан Молдабеков 90 жаста. Сауран ауданы, Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекенінде дүниеге келген. Зейнеткер, тыл ардагері. Жұбайы Оңласын Жүсіпбаева зейнеткер, «Алтын алқа» иегері. Үлгілі отбасы 2 ұл, 7 қыз, 35 немере, 23 шөбере сүйіп отыр.