Президент • Бүгін, 16:07

Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді құттықтады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді құттықтады
«Бұл күн үнді халқының мызғымас рухы мен мемлекеттік құрылыс, экономикалық даму және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолындағы тамаша жетістіктерін көрсетеді», деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас сипатын оң бағалап, екі елдің стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.