Абай • Бүгін, 13:56

10 тамыз күні елімізде Абай есімді 33 сәби өмірге келді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ерекше акция жарияланды. Assyltas қоры 10 тамыз – Абай күні дүниеге келген және есімі Абай болып қойылған әрбір ұл балаға 180 мың теңге көлемінде сыйақы береді, деп жазады Egemen.kz.

10 тамыз күні елімізде Абай есімді 33 сәби өмірге келді

Қордың мәліметінше, дәл осы күні еліміздің 13 өңірінде 33 сәби өмірге келіп, олардың барлығына ұлы ақынның есімі берілген. Ең көп Абай есімді нәрестелер Шымкент қаласында, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында тіркелді, әр өңірде үш баладан.

Төлем алу үшін ата-аналар Assyltas қорының электронды поштасына өтінім жолдауы тиіс. Қор алғашқы өтініштерді қабылдап үлгергенін, ал қаражат бір ай ішінде аударылатынын хабарлады.

Бұл бастама ақын мұрасын дәріптеп қана қоймай, жас буынға оның атын құрметпен жеткізуге бағытталған символикалық қолдау ретінде бағаланып отыр.