Қоғам • Бүгін, 08:05

Сегіз жастағы шебер

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сегіз жастағы Айдын Бекжанұлы ұялы телефондарды толық бұзып, қайта жинай алады. Бұзылғанын жөндеп, талай тұтынушының алғысын алып үлгерген жас шебер Түркістан облысы Келес ауданының орталығы Абай ауылында тұрады.

Сегіз жастағы шебер

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясының оқушы­сы жазғы демалысында осылай­ша әкесіне қолғабыс етіп жүр. Биыл төртінші сыныпқа баратын Айдын телефондағы техни­ка­лық ақауларды өздігінен анық­тап, жөндеуді үйреніп алған. Әкесі – Бекжан Өтенов Абай ауылын­да 4-5 жылдан бері қал­та теле­фонын жөндеумен ай­на­­лы­сады. Шағын шеберханасы бар. Әкесінің айтуынша, бала­сы­ның шеберлігіне кейде өзі де таң­ғалады екен. Кәсібін үйре­тіп, шебер­лігін шыңдап жүрген Бекжан ұлының ертеңгі күні заманауи технологияны меңгерген инженер болып шығатынынан үмітті. Айдынның зеректігі мен техникаға деген қызығушылығын, қабілетін ерте аңғарған ата-анасы бағыт беріп, дамуына мүмкіндік жасап келе жатқанын айтады.

 

Түркістан облысы