Қазақстан • Бүгін, 10:20

Су саласы мамандарын Қытайда оқыту жалғасады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов Қытайдың ең ірі компанияларының бірінің басшылығымен кездесті. Еліміздің су саласы мамандарын даярлаудың бірлескен бағдарламасын жалғастыру жайы сөз болған кездесуде 2026 жылы да Қытайда курстар ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.

Су саласы мамандарын Қытайда оқыту жалғасады

Фото: Су ресурстары және ирригация вице-министрлігі

Еске салайық, биыл Қытайда Қазақстанның су шаруашылығы саласының 121 маманы оқудан өтті.

2026 жылы шамамен 200 адамның Қытайда білім алуы жоспарланып отыр,  курс шығыны толығымен Қытай тарапынан төленеді.

Аталған министрліктің мәліметінше курстардың негізгі бағыты – су ресурстарын басқаруды цифрландыру болады.

«Біз Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмаларын іске асыру бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Онда су саласында жоғары білікті кадрларды даярлауда жүйелі тәсілдің қажет екені атап өтілген еді. Сондай-ақ алдымызда су шаруашылығы саласын цифрландыру және автоматтандыру міндеті тұр. Бұл бағытта да қытайлық әріптестеріміздің тәжірибесі отандық мамандар үшін өте пайдалы болады деп ойлаймын», деді вице-министр А.Абдраимов.