Айбын • Бүгін, 18:32

Дала қырандары Camp 2025: Патриотизм мен тәртіпке баулитын алаң

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов «Дала қырандары Camp 2025» республикалық жастар лагеріне барды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған іс-шара жас буын арасында патриоттық рух қалыптастыруды көздейді.

Дала қырандары Camp 2025: Патриотизм мен тәртіпке баулитын алаң

Лагер жыл сайын тұрақты ұйымдастырылады. Бұл жолы іс-шара Ақмола облысының Шортанды ауданында өтіп жатыр. Оған Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Рамиль Камалов және Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов барып қайтты.

заң мен тәртіп

Жастармен кездесуде Вице-министр бастаманы жоғары бағалап, жастарды нақты іс-әрекеттер арқылы патриоттық тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

«Заң мен тәртіп» қағидасы – бұл тек мемлекеттік саясат мәселесі ғана емес, әр азаматтың жеке жауапкершілігі. Мұнда жастар тек демалып қана қоймай, әрекет етуге: қоғам мүддесін қорғауға, заңға бағынудың үлгісі болуға және басқаларға көмек көрсетуге дайын болуға үйренеді»,  деді Р.Камалов.

камп

«Дала Қырандары» қозғалысының ұйымдастыруымен өткен лагерь елдің барлық өңірлерінен келген 1000-нан астам белсенді жастың басын қосты. Жеті күн бойы қатысушылар шатырларда тұрып, спорттық және білім беру іс-шараларына қатысады, өзара көмек, жауапкершілік пен адалдық дағдыларын меңгереді, белсенді азаматтық ұстаным мен патриоттық рухты қалыптастырады. Осылайша жастар лагері елдің тұрақтылығы мен дамуына белсене атсалысатын, отаншыл жастар қатарын нығайтуға үлес қосып келеді.