Білім • Бүгін, 09:48

Елімізде тамыздағы ҰБТ басталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 тамызда елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталып, 14 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде тамыздағы ҰБТ басталды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, тестілеуге қатысу үшін шамамен 28 мың өтініш қабылданды. ҰБТ тапсырушылардың шамамен 65%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 35%-ы орыс тілінде, ал 89 адам ағылшын тілінде тапсыруға ниет білдірген.

ҰБТ өткізіліп жатқан алғашқы күні 2,2 мың адам тест тапсырады.

«Тамыз айындағы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардағы мектеп пен колледж түлектері, қандастар (ҚР азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері), шетелде білім алған орта білім ұйымдарының түлектері, шығармашылық мамандықтан басқа мамандыққа ауысқысы келетін студенттер, басқа мамандықтан педагогикалық бағытқа ауысқысы келетін студенттер, сондай-ақ жоғары оқу орнына шартты түрде қабылданған студенттер қатысып жатыр», деп атап өтті ведомство.

Өз мамандығы бойынша ақылы негізде ЖОО-да оқуын жалғастыруды жоспарлаған колледж түлектері әңгімелесу нәтижелері бойынша оқуға түсе алады. Бұл ретте қабылдау ЖОО қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады.