Абай • Кеше

«Адамзаттың Абайы»: Алматыда жаңа кітаптар таныстырылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған «Адамзаттың Абайы» шаралар циклі аясында мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген кітаптардың тұсаукесері өтті.

«Адамзаттың Абайы»: Алматыда жаңа кітаптар таныстырылды

Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – Абайдың 180 жылдығына орай жарық көрген еңбектерді кеңінен насихаттау.

Тұсаукесерге «Абайтанудың кейбір мәселелері» кітабының авторы, академик, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Зарқын Сыздықұлы Тайшыбай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева, филология ғылымының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы, әдебиеттанушы-ғалым Қорабай Серікқазы Сыбанбайұлы, профессор Руда Зәйкенқызы Зәйкенова қатысты.