
Жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендік бойынша 40,55 градус; шығыс бойлық бойынша 72,26 градус.
Магнитудасы — 4,2. Тереңдігі — 15 км.
Жер сілкінісінің эпицентрі Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 268 км қашықтықта, Андижан облысының Мархамат ауданында орналасқан.
Дүмпулер бірнеше өңірде сезілді:
-
Андижан облысында — 3 балл, 29 км қашықтықта
-
Ферғана облысында — 2–3 балл, 45 км қашықтықта
-
Наманган облысында — 2 балл, 72 км қашықтықта
Ал бұған дейін, 5 тамызда, күші 2 балл болатын жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігіндегі 20 елді мекенде сезілді. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 408 км қашықтықта орналасқан еді.