Есірткі • 07 Тамыз, 2025

Есірткі саудалаған 6 мыңнан аса сайт бұғатталды

100 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Бас прокуратура құқық қорғау органдарымен бірге құны 2,3 млрд тең­геден асатын 98 мыңнан аса есірткі шотын бұғаттады. Сон­дай-ақ син­тетикалық есірткі өндіретін 21 зертхана, құрамында есірт­кі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 125 фактісі анықталып, жойылған.

Есірткі саудалаған 6 мыңнан аса сайт бұғатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында есірткіге қарсы күресті ұлттың генофондын сақтау мәселесі екенін атап көрсеткен еді. Осыған байланысты Бас прокуратура мен уәкілетті органдар есірткі және прекурсорларды жеткізу арнала­рын, есірткі зертханаларын жоюға, қылмыстық топтар мен есірткі биз­не­с­ін ұйымдастырушыларды анық­тауға, қылмыстық кірістер мен мүлік­ке тыйым салуға, сондай-ақ олар­ға көмектесетін құқық қорғау орган­дарының қызметкерлерін әшкерелеуге бағдарланды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі Маңғыстау мен Ұлытау облысы, Алматы және Шымкент қала­ларында есірткі дүкендерін ұйымдас­тырушыларды әшкерелеген арнайы прокурорлар сапалы тергеу амалдарын жүргізіп, бұл бағытта белсенді жұмыс атқарғанын жеткізді.

«Прокуратура органдарының үй­лес­тіруімен биыл құқық қорғау және арнайы органдар есірткі және психо­троптық заттарды жеткізудің 111 ар­на­­­сының жолын кесті. Заңсыз айналымнан 9 тонна есірткі (оның ішінде 254 кило синтетикалық есірткі) және 12 тонна прекурсорлар тәркіленді. Есірткі және прекурсорлар контрабандасының фактілері 182-ден 80-ге дейін төмендеді. Яғни 56%-ға азайды», делінген хабарламада.

Бұған қоса Бас прокуратура құқық қорғау органдарымен бірге екінші дең­гейдегі банктердің жұмысына интернет кеңістігіндегі есірткі дүкен­деріне бай­ланысты банктік шоттарды анық­тау, бұғаттау және тәркілеу алгорит­мін енгізген. Барлық іс бойынша қаржылық тергеу жүргізу, соның ішін­де қылмыстық ақшаны, есірткі бизне­сінің түпкілікті бенефициарлары мен ұйымдастырушыларын, сондай-ақ «dropper» аударымдары және басқа да заңсыз операциялар үшін банктік шоттарын ұсынатын азаматтарды анықтау туралы нұсқау беріліпті.

Сонымен қатар құқық қорғау және мемлекеттік органдар «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы есірткі дүкендерін бұғаттау жұмыстарын жүр­гізіп жатыр. Оның көмегімен бүгінде есірткі саудалайтын 6 мыңнан аса сайт бұғатталған. 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025