
Жоғары деңгейдегі қамқорлық
Маусым айында компания Теміртау мен Жезқазған қалаларында заманауи вахталық қалашықтардың құрылысын бастап кетті. Бұл кешендерде демалыс бөлмелері бар жатақханалар, душ кабиналары, жаттығу залы, кір жуатын орын, асхана, оқу сыныбы бар кеңсе ғимараты, дәрігерлік пункт, серверлік бөлме, кешенге кіріп-шығуға арналған бақылау-өткізу пункті орналасқан.
Бұл жай ғана стандарт емес – үйден алыс жұмыс істейтіндерге деген жоғары деңгейдегі қамқорлық.
Жақсы өмірге арналған 73 жоба
2025 жылға арналған IR-скрининг пен күрделі салымдар жоспары аясында компания 73 жобаны жүзеге асырып келеді.
«Ақтау» МГҚБ-да Опорный, Бейнеу желілік-өндірістік басқармаларындағы (ЖӨБ) тұрмыстық үй-жайлар жөнделді. «Ақтөбе» МГҚБ-да ғимараттардың қасбеті, душ кабиналары жаңартылды, терезелер мен шатыр ауыстырылды, қызметтік пайдалану блогы жөнделді. «Қызылорда» МГҚБ-да әкімшілік ғимараттарды жөндеу аяқталды. «Алматы» МГҚБ-да қызметтік пайдалану блогінің, қойма және спорт залының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу.
Қазіргі уақытта «Ақтау» МГҚБ-да жатақхана жөнделіп, жаңа қазандық орнатылып жатыр. «Ақтөбе» МГҚБ-да жаңа жарықдиодты жарықтандыру орнатылып, климаттық жүйелер жаңартылуда. «Тараз», «Қостанай», «Атырау» МГҚБ-да бақылау-өткізу пункттері, электр кептіргіштер мен кептіру камералары және тағы басқалары қалпына келтіріліп отыр.
Жайлылық ұсақ-түйектен басталады
Компания жұмысшыларды орналастырып, тұрмыстық аймақтарды жабдықтаудың жаңа стандарттарын белсенді түрде енгізуде. Олар:
– жиһаз: кереуеттер, үстелдер, шкафтар, киім ілгіштер;
– техника: кондиционерлер, су жылытқыштар, кір жуғыш машиналар, мұздатқыштар;
– жайлылық: жалюздер, айна, қол кептіргіштер, микротолқынды пештер.
Жайлы ортаны қалыптастыру – қызметкерлерді ынталандыру мен өнімділігін арттыруға салынған инвестиция.
Кәсіпке деген мақтаныш – интергаздықтар жүрегінде
«Интергаз Орталық Азия» АҚ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Басты басымдық – ашық қарым-қатынас. Бұл – еңбек ұжымдарының басшылық, омбудсмен, кәсіподақпен тұрақты кездесулері – ашық диалог пен сенім кеңістігі.
Әйелдер бастамасының орны бөлек
Газ құбырларындағы өндіріс негізінен ерлерге арналғанымен, ИОА ұжымының 11%-ын әйелдер құрайды. Сондықтан компанияның барлық филиалдарында Әйелдер клубтары жұмыс істейді. Мұнда кездесулер, тренингтер, кәсіби даму бағдарламалары өтеді.
Әйелдер мен ерлер – филиалдардағы қызметкерлер ЖӨБ арасында тағылымдамадан өтіп, ротацияға қатысады, бұл білім алмасу мен команда құрамын күшейту үшін қажет.
Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар
Ұжым жұмысындағы мотивациялық сәттердің бірі – өз кәсібінің үздіктері арасындағы «Үздік маман» байқауы. Бүгінде компанияның жұмысшы мамандықтармен айналысатын қызметкерлері барлық филиалдарда өтіп жатқан іріктеу турлары шеңберінде жылдың үздік кәсіби маманы атағы үшін сайысқа түсуде. Байқаудың қыркүйекте өтетін финалы жылдың басты оқиғасына айналмақ.
Денсаулық – басты назарда
Компания үшін әр қызметкердің денсаулығы – табысты жұмыстың кепілі.
Сол себепті алдын алу және еңбек үдерісінің тоқтап қалуын болдырмау үшін компания АСМО атты электронды медициналық тексеріс жүйесін енгізді, ол денсаулыққа төнетін ықтимал қауіптер мен кәсіптік ауруларды алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.
Енді барлық жұмыс нысандарындағы «Денсаулық бұрыштарында» қызметкерлерге автоматты тонометрлер, глюкометрлер, дәрі қобдишалары мен дефибрилляторлар көмегімен күнделікті тексерулер жүргізіледі. Бұл – шұғыл жағдайларда жедел жәрдем келгенге дейін адам өмірін сақтап қалудың жолы.
Мақсатымыз айқын: еңбекке құрмет пен мәртебе
«Еңбек адамы – назардан тыс қалмауға тиіс. Біз тәсілімізді өзгертудеміз: тек бақылап қана қоймай, қолдау көрсетеміз, тек талап етпей, шабыттандырамыз», – дейді компания өкілдері.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ – «Жұмысшы мамандықтарының жылы» нақты әрекет пен құрметтің, ел экономикасын өз қолдарымен көтеретін қарапайым еңбек адамдарына деген алғыстың жарқын үлгісі.
«Қызметкерлеріміздің жайлылығына, денсаулығына, оларды қолдап, дамытуға салынған инвестициялар – бұл шығын емес, компания тұрақтылығының негізі!» – дәл осы ұстаныммен «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы алға нық қадам басып келеді.