Спорт • Бүгін, 15:40

Жас боксшылар жартылай финалда жеңіске жетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Бангкокта бокстан жастар арасында (U-22) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалдық сайыстары өтті. Шаршы алаңға шыққан жерлестерімздің барлығы да өз жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жас боксшылар жартылай финалда жеңіске жетті

60 кг салмақтағы Нұрислам Қалдыбаев бутандық Дечен Дорджиді нокаутқа жіберсе, 65 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан Илья Калининнің қарсыласы филиппиндік Марк Эшли Фаджардоның жарысы жалғастырудан бас тартты. 70 кг салмақтағы Нұрбек Мұрсал малайзиялық Мухаммад Арифтен басым түссе, 80 кг салмақтағы Санжарәлі Бегалиев Үндістан өкілі Ануш Анкушты бас көтертпей ұтты. 90 кг салмақта сайысқа түскен Темірлан Мұқатаев Оңтүстік Кореяның оғыланы Ячан Мунды айқын басымдықпен жеңді.

Жарыс күнінің кешкі сессиясында қыздар рингке көтеріледі. Бұл бәсекелерде Қазақ елінің намысын Гүлназ Бөрібаева (48 кг), Бақыт Сейдіш (70 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг) және Әсел Тоқтасын (80 кг) сынды бұрымдылар ел намысын қорғайды.