
Фото: gov.kz
Рейд барысында мамандар бірнеше маңызды мәселеге назар аударды. Атап айтқанда өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы, санитарлық талаптардың орындалуы және салықтық есеп берудің дұрыстығын тексерді.
Кәсіпкерлерге сауда орындарында тазалықты сақтау, эвакуациялық шығу жолдарының ашық болуын қамтамасыз ету, онлайн-ТКМ (тексеру-кассалық машина) қолдану және жеке тұлғалар арасындағы банктік аударымдар арқылы есеп айырысудан бас тарту қажеттігі ескертілді. Еске салсақ, мұндай операцияларға Салық кодексінің 166-бабына сәйкес кәсіпкерлік қызметте тыйым салынған.
Сонымен қатар, рейд барысында жеке деректер мәселесі де қозғалды. Сауда өкілдеріне банктік карталар арқылы есеп айырысу кезінде тұтынушылардың жеке деректерін беруге немесе таратуға жол берілмейтіні айтылды.
«Мақсатымыз – айыппұл салу емес, ескерту. Біз кәсіпкерлердің ережелерді біліп, жауапкершілікті түсінгенін және қателікке жол бермеуін қалаймыз. Мұндай рейдтер заңнамадағы маңызды жаңашылдықтарды сол жерде түсіндіріп, бұл бизнестің қауіпсіздігі мен табысына тікелей әсер ететінін көрсетуге көмектеседі. Осылайша жұртшылықтың ақпараттандыру деңгейін арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету», деді Астана қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқарма басшысының орынбасары Мақсат Жанабаев.