Қоғам • Бүгін, 09:40

Мүгедектік тобы сырттай да белгіленеді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылы мүгедектік тобын белгілеуге медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы қарқынды жүргізілді. Нәтижесінде, қанатқақты жоба аясында барлық өңірден 61,9 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша іске асады.

Мүгедектік тобы сырттай да белгіленеді

Сурет: egov.kz

Былтыр 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралып, куәлан­ды­рудан өткен мүгедектігі бар адам­дар­дың жалпы санының 37,4%-ын қам­тыды. Мемлекет басшысы ерекше қажет­тіліктері бар адамдарға барынша қолайлы жағдай жасауды тап­сыр­ған-ды. Олар инстанциялардан өту­де қағаз­бастылықтан арылуға тиіс еке­нін қатаң ескертті. Осы тапсырманы орын­дау мақсатында Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министрлігі Ден­саулық сақ­тау, Цифрлық даму, инно­ва­ция­лар және аэроғарыш өнеркәсібі министр­­ліктерімен бірлесіп еліміздің бар­­лық 20 өңірінде қанатқақты режім­­де медициналық-әлеуметтік сарап­тама (МӘС) жүргізудің сырттай фор­маты жобасын іске асырып жатыр.

Мүгедектік тобын белгілеу жөнін­дегі қызметті алуға өтініш беру­шіге тұр­ғылықты жеріндегі емханаға жү­гіну, қажетті тексеруден өту керек, қал­ған  үдерістер жүйе­лер­ді интеграция­лау есебінен оның қаты­суынсыз орындалады.

Сырттай куәландыруға көшу бірін­шіден, әкімшілік һәм бюрократия­лық кедергілерді жояды. Екіншіден, МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мүгедектікті белгілеу, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау қызметтерін үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысы болмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азаяды.