Спорт • Бүгін, 09:29

Үкімет спортшыларды марапаттауға 372,6 миллион теңге бөлді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Харбин қаласында өткен IX қысқы Азия ойындарында үздік нәтиже көрсеткен отандық спортшыларды қолдау мақсатында Үкімет қаулысымен 372,6 миллион теңге бөлінді, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет спортшыларды марапаттауға 372,6 миллион теңге бөлді

Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар

Қаржылай сыйақылар Азия додасында жоғары жетістікке жеткен 85 спортшы мен 32 жаттықтырушыға берілді. Ақ Азиадада жерлестеріміз 4 алтын, 9 күміс және 7 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 34 елдің ішінде 4-орынға тұрақтаған еді. Ел қоржынына алтын жүлделерді биатлоннан жекелей сында өнер көрсеткен Владислав Киреев, фристайл-акробатикадағы синхронды секіру жұбы, шорт-трек спортынан 5000 метрлік эстафета командасы және шайбалы хоккейден ерлер құрамасы салған болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында халықаралық аренада ел туын көкке көтерген жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау спортты дамытуға арналған маңызды бағыттың бірі болып отыр.