
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Дүниежүзілік дода – шахматтың классика, блиц, рапид түрлерінен өтіп, оған 18 елден 100-ден астам спортшы қатысты.
Классикадан Аяулым Қамбарова, Бақытжан Майкенов, Әлімжан Аяпов қола жүлдегер атанды.
Блиц ойынында Бақытжан Майкенов пен Аяулым Қамбарова күміс, ал Серік Солтанов пен Әлімжан Аяпов қола медаль алды.
Ал рапид бойынша Әлімжан Аяпов пен Аяулым Қамбарова екінші орын алды.
Осылайша Қазақстанның пара спортшылары 4 күміс, 5 қола, барлығы 9 медаль иеленді.