Қоғам • 01 Тамыз, 2025

ОКҚ-де жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы іске қосылды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық қызметін бастайды, деп жазады Egemen.kz.

ОКҚ-де жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы іске қосылды

Фото: freepik.com

Орталық жалған ақпаратты анықтау және оны жоққа шығару, азаматтарды маңызды тақырыптар бойынша объективті, тексерілген деректермен қамтамасыз ету, ақпаратты жауапкершілікпен тұтыну мәдениетін дамыту міндеттерін атқарады. 

Жалған ақпарат таралғанда фактілерді қасақана бұрмалау жағдайлары жиі болып жатады. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығы, журналистер және азаматтармен ынтымақтастықта жүргізіледі.

Орталық фейктерге тұрақты шолулар, манипуляция жасау кейстерін жариялайды, сондай-ақ резонанстық ақпараттық тақырыптар бойынша сараптамалық түсініктемелер береді. Орталықты іске қосу күрделі ақпараттық процестерді әлеуметтік желілердегі ресми ресурстарға қарапайым және көрнекі түсіндіруге бағытталған ақпарат орналастырумен қатар жүреді.

Бірінші шығарылымда соңғы кездері еліміздің ақпараттық кеңістігінде пайда болып жатқан жалған мәліметтерді зерделенген. 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025