«Инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында осы саланы модернизациялау жүзеге асырылуда. Бұл 2020 жылға қарай жүк айналымын 1,6 есе және транзиттік жүк тасымалы көлемін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.
Айтар болсақ, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде автожол саласында 11 жобаны іске асыру көзделген. Ал автожолдар саласындағы инфрақұрылымдық жобалар бойынша 2020 жылға қарай жалпы құны 2,4 трлн.теңге құрайтын 7 мың шақырымнан астам жол қайта жаңғыртылатын және салынатын болса, оның 1 трлн.теңгесі халықаралық қаржы институттарының займдары екендігін атап өту қажет», – деді Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Инвестиция және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев. Оның айтуы бойынша, «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде аралас салаларды қоса алғанда барлық автожол жобалары бойынша жұмысқа 200 мың адамды жұмылдыру көзделген. Қазіргі уақытта «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» мегажобасын іске асыру жалғастырылуда екендігінен хабардар ете отырып, ол құрылысы жүргізіле бастаған жобаларды атап өтті. Олардың қатарына «Орталық – Оңтүстік» (Астана – Алматы), «Орталық – Шығыс» (Астана – Өскемен), «Орталық – Шығыс» (Астана-Ақтөбе – Атырау – Ақтау), Алматы – Өскемен, Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда және Атырау – Астрахань кіреді.
«Сонымен қатар, ағымдағы жылы аталған жобаларды іске асыру үшін 269,3 млрд.теңге бөлініп отырған болса, оның 178 млрд.теңгесі Ұлттық қордан беріліп отыр. Биылғы жылдың 1 маусымына дейінгі жағдайды есептегенде қаржының 85,4 млрд.теңгесі игерілсе, бұл тұрғыда осы қаржы ішінен Ұлттық қордан бөлінген қаржының 44 млрд. теңгесі жұмсалды», деді комитет төрағасы.
Қазіргі таңда жобаларға 33 мердігер ұйым мен 64 қосалқы ұйым тартылып, осының нәтижесінде 27 мың жұмыс орны ашылып отыр. Бұл ретте 5 мыңнан астам жол құрылысы техникасы жұмыс жасауда. Автожол саласындағы ең ірі жоба ұзақтығы 2787 шақырымды құрайтын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» құрлықаралық автомобиль дәлізі болып табылады. Жобаларды 2009-2014 жылдары іске асыру кезеңінде Ресей Федерациясы шекарасынан Шымкент қаласына дейін Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан арқылы 1884 шақырымдық жол бойында қозғалыс ашылды. Ташкент – Шымкент – Жамбыл облысының шекарасы, Тараз қаласының айналма жолы және Алматы – Қорғас учаскелерінің 569 шақырымында жұмыс жалғасуда. Жыл аяғына дейін ұзындығы 183 шақырым болатын Шымкент – Тараз жолы пайдалануға берілмек. Шымкент – Ташкент және Алматы – Қорғас учаскелеріндегі жұмыстар келер жылы аяқталады.
Келесі кезекте ұзындығы жағынан 1282 шақырымды құрайтын «Орталық – Оңтүстік» (Астана – Алматы) жобасы бойынша бүгінгі күні Астана-Теміртау және Алматы – Қапшағай учаскелерінде құрылыс жұмыстары жүріп жатқандығы жайында айтқан М.Пішембаев олардың 40 шақырымы цементбетонмен төселгендігін жеткізді. Ал үстіміздегі Астана – Теміртау жолының 10 шақырымы, Алматы – Қапшағай жолының 62 шақырымы, жалпы 72 шақырым жол пайдалануға берілетіндігін атап өтті. Осы учаскелердегі жұмыс толықтай келесі жылы аяқталмақ. Ал Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал – Күрті учаскесін қайта салу Дүниежүзілік банк пен Еуропа Қайта құру және даму банкі займдарының есебінен қаржыландырылатын болады. Биылғы жылдың соңына дейін займ туралы келісімге қол қойылып, конкурс жарияланады деп жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары 2016 жылдың көктемінде басталып, 2019 жылы аяқталады.
«Сонымен қатар, үшінші жоба – «Орталық – Шығыс» жобасы бойынша айтар болсақ, ұзындығы 1018 шақырымды құрайтын Астана – Өскемен жолының құрылысы 2013 жылы басталған болатын. Қазір Астана – Павлодар – Семей учаскесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Олардың жалпы ұзындығы – 509 шақырым. Осы жылдың соңына қарай 100 шақырым пайдалануға беріледі», деді М.Пішембаев. Оның айтуына қарағанда, ұзындығы 404 шақырым болатын Павлодар – Семей – Қалбатау және Қалбатау – Өскемен учаскелерінің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2016 жылы басталады.
Қазіргі күндері «Орталық – Батыс» жобасы (Астана – Ақтөбе – Атырау – Астрахань) бойынша ұзындығы 470 шақырым болатын Бейнеу – Ақтау учаскесінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Былтыр 200 шақырымы пайдалануға берілген болса, дәліздің жалпы ұзындығы – 2720 шақырым. Оның 1290 шақырымын жөндеу қажет екен. Жобаның құны – 540 млрд.теңге. Қазіргі уақытта Астана – Қарабұтақ, Ақтөбе – Мақат және Атырау – Астрахань учаскелерін жөндеуге халықаралық қаржы институттарынан займ алу үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Займ туралы келісімге биылғы жылдың аяғына дейін қол қойылады деп күтілуде. Бұл жоба құрылыстары келесі жылы басталып, 2019 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
«Сонымен қатар, ұзындығы 851 шақырымды құрайтын Алматы – Өскемен жолы жобасы аясында қазіргі уақытта Қапшағай – Талдықорған жолындағы 157 шақырымдық учаскеде құрылыс жүріп жатыр. Үстіміздегі жылдың аяғына дейін 84 шақырымы пайдалануға беріледі. Қалған 73 шақырымы – келер жылы аяқталады, деді комитет төрағасы. Ал Астана – Петропавл жолы мәселесіне тоқталар болсақ, қазір Көкшетау – Петропавл учаскесінің Солтүстік Қазақстан облысындағы 106 шақырымы жасалып жатыр екен. Одан бөлек, Петропавл қаласын айналып өтетін 11 шақырымдық жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. 2015 жылдың аяғына дейін 55 шақырымы пайдалануға беріледі. Ал келесі жылы 51 шақырымы берілмек.
Эльмира МӘТІБАЕВА,
«Егемен Қазақстан».

Маңғыстауда жаппай мал қырылып жатыр: фермерлер өтемақы талап етті
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • 22 Сәуір, 2026
СҚО-да кәріз станциясын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • 22 Сәуір, 2026
Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • 22 Сәуір, 2026
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • 22 Сәуір, 2026
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • 22 Сәуір, 2026
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • 22 Сәуір, 2026
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • 22 Сәуір, 2026
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • 22 Сәуір, 2026