Құрметті қазақстандықтар!
Еліміз аса маңызды тағы бір тарихи оқиға қарсаңында тұр. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздерді табысты аяқтадық.
Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу біздің экономикамызды жаңа көкжиектерге бастайды. Кәсіпорындарымыздың шетел нарықтарына шығуын қамтамасыз етеді. Ал тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына таңдау жасауға жол ашады.
Бүгінде сауда-саттығымыздың 90 пайызы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерге тиесілі. Қазақстан шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін бұрынғыдан да тартымды бола түседі. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндіктер туады. Біз бұл нәтижеге жету үшін 19 жыл табанды түрде жұмыс жүргіздік, келіссөздер оңай болған жоқ. Осы жылдары біздің Үкімет және сарапшыларымыз елімізге тиімді шарттарға қол жеткізу үшін талмай еңбек етті. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарын ұштастыра алдық. Бұл ретте ұлттық мүдделерімізді де қорғай білдік.
ДСҰ-ға мүше болу – күллі Қазақстанның жеңісі. Бұл – еліміздің жаһандық экономиканың бөлінбес бөлшегі ретінде мойындалуының айғағы. Ұйым мүшелігіне бес халықтық реформаны іске асыруға кіріскен кезеңде қадам басуымыздың символдық мәні бар.
Біз жаһандық нарық шарттарына сай болу үшін үлкен дайындықтан өттік. Отандық өндірушілерге қолдау көрсетіп, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасадық. Біртұтас кедендік және экономикалық кеңістікте шыңдалдық. Алдымызда әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Бәсеке күшейеді. Оған дайын болуымыз керек. Себебі, шетелдерден келетін тауарларға біз шекарамызды ашамыз, тауар Қазақстанға көптеп келетін болады. Сапасы жоғары болса, бағасы төмендеу болса, ол тауарларды халық тұтынып, біздің тауар өндіретін кәсіпорындар жұмысының тоқтап қалу қаупі бар. Барлық бизнесмендерге менің талайдан бері айтып келе жатқаным сондықтан: бәсекеге сай болу керек.
ДСҰ беретін артықшылықтарды пайдалана білетінімізді дәлелдеу қажет болады. Бұл Қазақстанның қолынан келеді және біз әлемнің озық елдері қатарынан лайықты орын аламыз деп кәміл сенемін.
• 23 Маусым, 2015
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталуына байланысты Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына ҮНДЕУІ

Маңғыстауда жаппай мал қырылып жатыр: фермерлер өтемақы талап етті
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • 22 Сәуір, 2026
СҚО-да кәріз станциясын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • 22 Сәуір, 2026
Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • 22 Сәуір, 2026
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • 22 Сәуір, 2026
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • 22 Сәуір, 2026
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • 22 Сәуір, 2026
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • 22 Сәуір, 2026
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • 22 Сәуір, 2026