Үкімет • Кеше

Биыл 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының қолжетімді баспанамен қамту жөнінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында биыл тұрғын үй құрылысы саласында рекордты көрсеткіш – 19,2 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша 7,9 млн шаршы метр пайдалануға берілгенін Үкіметте өткен баспасөз конференциясы барысында бірінші вице-премьер Роман Скляр хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Биыл 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Фото: yandex.kz

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше одан бөлек энергетика саласында биылғы бірінші жартыжылдықта 62,2 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілді, бұл өткен жылдың деңгейінен 3,3%-ға жоғары. 2028 жылға қарай жалпы қуаттылығы шамамен 6700 МВт болатын жаңа генерация іске қосылады, оның ішінде биыл дәстүрлі және баламалы қуат көздері бойынша 620 МВт енгізіледі.

Ал Инвестициялық штаб жұмысы шеңберінде жыл басынан бері жалпы құны шамамен 60 млрд долларды құрайтын 71 инвестициялық жоба қаралған. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа арқылы жүзеге асырылып жатыр. Аталған платформада жалпы сомасы 77 трлн теңгеден асатын 1 106 жоба тіркелген.

«Жалпы алғанда, Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары қатаң бақылауда тұр», деді вице-премьер.

Соңғы жаңалықтар

Жол апаты азаймай тұр

Қоғам • Бүгін, 10:15

Ағайындар атамекенге оралды

Аймақтар • Бүгін, 10:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 10:00

Туберкулезді емдеудің тың әдісі

Медицина • Бүгін, 09:55