Қоғам • Кеше

«Достық» фестивалі: Бірлігіміз – әралуандықта

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өзбекстанның Ташкент қаласында «Достық» фестивалі өтіп жатыр. Ауқымды іс-шараға Өзбекстан Республикасы Ұлтаралық қатынастар және шетелдік елдермен достық байланыстар комитеті басшылығы, шетел мемлекеттерінің елшілері, ұлттық-мәдени орталықтардың белсенділері, сондай-ақ елімізден «Отандастар қоры» КеАҚ өкілдері қатысты.

«Достық» фестивалі: Бірлігіміз – әралуандықта

Өзбекстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2021 жылдан бастап 30 шілде – Өзбекстандағы «Халықтар достығы күні» болып жарияланған. Осыған орай бауырлас мемлекет мерекені бір апта бойы кең көлемде атап өтеді. Фестиваль барысында түрлі ұлтқа тән билер мен әсем ән-күйлер, қолөнер бұйымдары және мәдени көрмелер ұсынылып, елдегі бейбітшілік пен татулық рухы кеңінен насихатталады.

Іс-шараның алғашқы күні Ташкент қаласында Ұлттық мәдени орталықтар павильондарының салтанатты ашылуы өтті. Олар түрлі ұлт пен ұлыстардың дәстүрі мен салт-ғұрпы, тарихы мен мәдениеті ескеріліп жасалған.

мир

«Елімізде 130-дан аса ұлт пен ұлыс өкілдерінің өмір сүруі бұл өңірде ежелден достық, бейбіт­шілік пен төзімділік үстем болға­нын көрсетеді. Біз әртүрлі тіл­де сөйлейміз. Салт-дәстүрлері­міз де өзгеше. Бірақ бір-бірімізді өте жақсы түсінеміз. Себебі біз­дің ортақ Отанымыз – Өзбекстан. 85 жылдан бері корейлер Өзбекстанда өмір сүріп келеді. Олар Өзбекстанды өз Отаны деп біледі, Ал астанамызда салын­ған ұлттық мәдени орталықтарға арналған бірегей павильондар – қамқорлықтың, бірліктің тағы бір нақты көрінісі», деді Өзбекстан Корей ұлттық-мәдени орталықтары қауымдастығының төрағасы Виктор Пак. Іс-шара­да ұлттық мәдени орталықтар көркемөнерпаздар ұжымдары­ның концерттік бағ­дарламасы да көрсетілді. Сал­танатты жиын­да алыс-жақыннан келген мәрте­белі меймандар сөз сөйлеп, ізгі бастаманың мерейін асырды.